Атырауда заңсыз әрекеттер жасаған 100-ден астам адам ұсталды

15 августа, 2024
elordaaqparat elordaaqparat
Атырауда заңсыз әрекеттер жасаған 100-ден астам адам ұсталды

Атырау облысының коменданты-облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалевтің айтуынша, Атырау қаласының кіреберісіне 4 блокпост қойылған. Заңсыз митингке қатысушылардың бұзақылық әрекеттерінен облыстық әкімдіктің ғимараты бүлінді.

Сондай-ақ полицияның 7 көлігі жарамсыз болып қалды. Қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде 36 полицей әртүрлі дене жарақатын алды. Заңсыз әрекеттер жасаған 104 адам ұсталды. Өңірде Президенттің Жарлығымен Төтенше жағдай енгізілді. Өңірдің күштік құрылымдары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Комендаттық сағат талаптарын бұзған 13 адам жауапқа тартылды.